ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » ӨКҚ-де табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы брифинг өткізді

ӨКҚ-де табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы брифинг өткізді

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы брифинг өткізді. Жиын барысында басқарма басшысы 2017 жылдың 7 айындағы өрт қаіуіпті кезіндегі атқарылған жұмыстарды баяндап өтіп, белгенген тақырып аясында сұрақтарға жауап берді.

 

Серік Мамыртайұлының сөзіне сүйенсек, Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 430 мың 958 га, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн. 234 мың 230 мың га

Орман қоры жерлері облыс жер аумағының 30,8 пайызын, ал орманды жерлері 15,47 пайызын алып жатыр.

2017 жылғы өрт қауіпсіздігі кезеңіне орман өртімен күресуге облыстық бюджеттен 48,1 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс орман қоры аумағындағы өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін, белгіленген жоспар бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне бекітіліп берілді.

Табиғат өртінің жылдам таралуына тосқауыл қою мақсатында орман қоры аумағында өртке қарсы жаңадан – 2000 шақырым минералды жолақтар жасалынды және бұрынғы жылдары жасалынған 7000 шақырым минералды жолақтарды күтіп-баптау жұмыстары 100 пайызға орындалды.

Орманға жақын орналасқан елді мекендердің төңірегіне, орман қорындағы үлкен жолдардың бойына өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі – 286 дана тақтайшалар және 39 панно жаңартылып, 23 мақала жарияланд

Орман қоры жерінде 51 өрт сөндіретін топ құрылған, олардың құрамында 404 жасақ бар.

2017 жылы облыстық бюджеттен 100,0 млн. тенге бөлініп, 14 радиостанция, 14 өрт қою аппараты, 13 метеостанция, 14 күн сәулелі батареясы, 4 өрт сөндіру автокөлігі, 12 ағаш отырғызу машинасы және 6 көшет қазу қондырғысы алынды, одан бөлек 3 Шевроле-Нива, 5 мотоцикл, 100 рация, 5 тұқым сепкіш машинасы алу жоспарланып отыр.

Өртке қарсы пайдаланылатын 57 автомашина (УАЗ-469, УАЗ-«Фермер», Газ-53, Газ-66), оның ішінде 10 өрт сөндіру автомашинасы (АЦ-0,9, АЦ-30, АЦ-40), 39 трактор соқасымен, 3 тонналық тіркемелі 14 бірлік әмбебап цистерна дайын тұр, арқаға асылатын 97 өрт сөндіргіш және 580 шыртылдақ дайындалды. Орман қорына 38 өрт бақылау мұнарасы мен 16 бекет қойылды. Өрт бақылау мұнаралары, бекеттер және кордондар тұрақты және жылжымалы 91 рациямен қамтамасыз етілді. Оның ішінде – 29 стационарлық, 31 автомобилдік және 31 қолда ұстайтын.

Орман қорын қоруға, күзетуге, бақылауға қамтылған техникаларға пайдаланылатын және өрт сөндіруге, өрттің көлемін, шығу салдарын, келтірілген зиянды анықтауға пайдаланылатын – 231,0 мың литр жанар-жағар май қоры дайындалды,- деп сөзін түйіндеді спикер.

Пікір: 0
Пікір қосу