ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2017 жылдың 1 сәуірінен 31 қазанына дейін өрт қауіпті кезеңі белгіленген!

Жамбыл облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2017 жылдың 1 сәуірінен 31 қазанына дейін өрт қауіпті кезеңі белгіленген!

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қойбақов Серік Мамыртайұлы Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарына хабарлады. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 қазанына дейін өрт қауіпті кезеңі белгіленген!

 

- Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы үндеужасағым келеді. Тасталған темекі тұқылы , өшірілмеген алау ірі өрттітудыруы мүмкін, өрттің салдарынан флора мен фауна жойылады, ал оларды қалпына келтіру үшін, ондаған жылдар керек болады.

Шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер мен басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарының басшыларына үндеу жасаймын. Қазіргі уақытта астық жинау және өнім дайындау жұмыстары жүргізілуде. Техникаларыңызды, техникалық жарамды жай-күйде ұстауларыңызды сұранамын. Өртті болдырмау мақсатында тракторлар мен басқа да ауылшаруашылық көліктерде шоқ өшіргіш пен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет. ТЖД, табиғи ресурстар басқармасы, ормандарды қорғау және жануарлар дүниесі мемлекеттік мекемелері мен орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының жауапты қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

 

Қолданыстағы өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

Егер, Сіз өрт ошағын байқаған болсаңыз, мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:

101- өрт сөндіру бөлімі

(87262) 45-17-43 ТЖД кезекшісі

(87262) 43-11-12, 45-44-15 - Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Ұялы телефон: 87023626217, 87773189000.

Пікір: 0
Пікір қосу