ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Ағымдағы жылы Айша бибі көшесіндегі жол көпірін қайта жаңарту жұмыстарына 709,0 млн. теңге бөлінген

Ағымдағы жылы Айша бибі көшесіндегі жол көпірін қайта жаңарту жұмыстарына 709,0 млн. теңге бөлінген

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев брифинг өткізді.

 

Басқарма басшысының ақпаратынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі 75,5% құраса, Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2017 жылы бұл көрсеткішті 77%-ға жеткізу көзделген.

Бұл бағытта 2017 жылға жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға бюджеттен 9,8 млрд. тенге бөлінген. Оның ішінде, облыстық маңызы бар автожолдарға 3,3 млрд. тенге, аудандық маңызы бар автожолдар мен көшелерге 3,8 млрд.тенге және Тараз қаласының көшелеріне 2,7 млрд. тенге.

Жергілікті маңыздағы автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге қарастырылған қаражаттар есебінен ағымдағы жылы жалпы 6,1 шақырым жаңа жол салу, 6,7 шақырым қайта жаңарту, 285,9 шақырым автожолдарды орта жөндеуден өткізу жоспарланып, жобалар өндіріс жұмыстарын жүргізу кестелеріне сәйкес жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, 2016 жылдан өтпелі «Ақыртас», «Тау самалы» туристік кешендеріне 10 шақырым автомобиль жол құрылысын салу жұмыстары жалғасын тапқан. Бүгінде, Ақыртас кешендік сарайына жол құрылысы толық аяқталып, нысанды пайдалануға қабылдау рәсімдері жүргізілуде.

Қазіргі таңда, өздеріңіз білетіндей Айша бибі көшесінің аяғында құрылысы аяқталмаған жол көпірін қайта жаңарту жұмыстары жанданған. Жөндеу жұмыстарына 2016 жылы республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге, 2017 жылы облыстық бюджеттен 709,0 млн. теңге  бөлініп, мердігерлік мекемемен қарқынды жұмыс атқарылуда. Бүгінге көпір үстіндегі бетон жұмыстары толық аяқталып, асфальтобетон жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, осы көпірден бастау алатын «Қырғызстан шекарасына Тараз қаласын оңтүстіктен айналма автожолының құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Бүгінгі таңда, құрылыс-монтажды жұмыстар бөлігін жобалау жұмыстары аяқталып, жерге орналастыру жобасына сәйкес автожолдың құрылысына жер бөлу рәсімдері жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, жоба мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын болады.

Бұл автожол мен көпірдің салынуы өз кезегінде 100 мыңға жуық тұрғындардың көліктік қатынасуын қамтамасыз етумен қатар, транзитті ауыр жүк көліктерінің қаланы оңтүстік беттен жылдам және қауіпсіз жүріп өту мүмкіндігіне жеткізіп, халық тұрмысының жақсаруы мен жалпы өңірдің дамуына орасан зор үлесін тигізіп, қаланың көліктік логистикасын ыңғайлата түсері сөзсіз, - деп баяндаған басқарма басшысы брифинг соңында журналистердің де сауалдарына жауап берді.

Пікір: 0
Пікір қосу