ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Таразда қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Таразда қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

 

Арка888

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда күн тәртібіне екі мәселе шығарылды, - дейді «ZhambylNews» ақпарат агенттігінің тілшісі

Алқа отырысына қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов пен кеңес мүшелері қатысты. Алғашқы мәселе бойынша қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысының орынбасары Талғат Мұқанов ағымдағы жылдың алты айындағы қала бюджетінің орындалуы туралы мәлімдеме жасады.
–2017 жылға арналған қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің жыл соңына дейінгі болжамын орындалуына талдау жасалып, қаланың өзіндік кірістерін 234 млн. 705 мың теңгеге ұлғайту ұсынылды. Оның ішінде салықтық түсімдер – 97 133 мың теңгеге, салықтық емес түсімдер – 12 867 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 124 705 мың теңгеге көбейтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесі бойынша үнем қалыптасуына байланысты, Талас өзенінің жағалауын күшейту жұмыстары 1 млн. 608 мың теңгеге қысқартылды, – деген Талғат Нұржанұлы бюждеттің көбейтілген өзіндік кірістері мен қысқартылған үнем сомасын негізгі басым бағыттарға жұмсалатынын айтып өтті. Одан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Тараз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Сәкен Жұманқұл бірінші жартыжылдықтағы атқарған жұмыстары бойынша мәлімдеме жасады. Ағымдағы жылдың 1 қантарында 3800 бас мүйізді ірі қара, 8000 бас уақ мал, 1200 бас доныз, 550 бас жылқы, 23000 бас ит, 2000 бас мысық және 19500 бас үй құстары тіркеуге алыныпты. Дегенмен, бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда төмендеп отыр. Жан-жануарларға эпизотияға қарсы жұмыстар жүргізу үшін 11 млн. 130 мың теңге бөлініп, қауіпті ауруларға қарсы вакцинацияланған.
«Бруцеллез ауруына 2685 МІҚ, 6769 УАҚ, 355 шошқа тексеріліп, бруцеллез ауруы анықталған 18 УАҚ, 9 МІҚ малдары ветеринариялық талаптарға сәйкес, санитарлық жолмен сойылып, шұжық цехына қайта өндеуге жіберілсе, 2140 м² аумаққа лажсыздан дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді» – деген бөлім басшысы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою үшін 2017 жылға жергілікті бюджеттен 15 млн. 232 мың тенге қаражат бөлініп, 1 жарты жылдықта 5415 қаңғыбас ит пен мысық ұсталып жойылғанын айтты. Бұл мәселе төңірегінде кеңес мүшелері «Арай» алқабы тұрғындарынан үнемі бұралқы иттердің босып жүретіндігі туралы шағымдар келіп түсетінін, қадаға жұмыстарын жандандыру қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, мал қорымдарын күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 4 млн. 523 мың тенге бөлінген екен. Баяндамашының айтуынша, қала бойынша өлекселерді тастау үшін Тектұрмастағы аумағында ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай екі «Беккер» шұнқыры жұмыс істейді.
–Бұл шұңқырлардың алғашқысы 2005 жылы салынған, ал екіншісі осы жерден бір қоршаудың ішінде 2014 жылдың маусым айынан пайдалануға берілді. Алайда, бұл шұңқырларға Тектұрмастағы қорым кеңейіп келе жатқандықтан тиісті орындардан және жеке адамдардан өте көп шағым түсуде. Осыған байланысты, қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі арқылы осы шұңқырлар салынған жерден шығысқа қарай Жамбыл ауданының жеріне іргелес Тараз қаласы аумағынан, жаңа шұңқыр салуға 0,2 га жер тілімін бөлуді және қала әкімдігінің құрылыс бөлімі арқылы жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға тиісті қаражат бөлуін сұранды, қала әкімінің атына хат жолданған, қазіргі уақытта жер бөлімі іздестіру жұмыстарын жүргізуде, – деді Сәкен Көшербекұлы. Кеңес отырысында бөлім өкілдерінің баяндамасына құлақ түрген кеңес мүшелері жыл соңына дейін шаруаларын ширатуды тапсырды.

Пікір: 0
Пікір қосу