ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз қаласының әкімі «Қала күні» мерекесіне орай бірқатар азаматтарды марапаттады

Тараз қаласының әкімі «Қала күні» мерекесіне орай бірқатар азаматтарды марапаттады

 

Бүгін Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет  «Қала күні» мерекесіне орай түрлі номиницялар бойынша шаһардың көркейіп, жаңаруына және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.  Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

 

Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен мерекелік шарада  Р. Дәулет барлық тараздықтарды көне қаланың мерекесімен құттықтап, «Жасыл шаһардың» одан ары жайнап, гүлдене беруін тіледі.

– Сіздерді  Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шаһарымыз өткен жылдар өрнегін сақтай отырып, жаңа, заманауи сәулеттік келбетке ие болды. Жылдан жылға әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тек алға ілгерілеп, халқының әл-ауқаты артып келеді. Бұл бірінші кезекте Елбасымыздың сындарлы саясаты және бірлігі мен тірлігі жарасқан қала тұрғындарының ерен еңбектерінің жемісі деп білемін, – деді шаһар басшысы.

 

Жиын барысында қала әкімі Рүстем Дәулет көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларын табыс етті. Сондай-ақ,  қаладағы игілікті істердің басында, қоғамдық-көпшілік жиындардың алдыңғы сапында жүрген, шаһардың өркендеуіне үлестерін қосқан бірқатар азаматтарды Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, қала өмірінен хабар беріп, Тараздағы игі істерді жалпақ жұртшылыққа жеткізіп жүрген қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де ризашылығын білдірді.

Мерекелік шара барысында Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев те қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

 

Айта кетер жайт, «Қала күніне» орай шаһар көлемінде түрлі шаралар өтуде. Мерекелік шаралар реті кешкі сағат 19.00-де орталық «Достық» алаңындағы мерекелік концетке жалғаспақ.

 

Ақбота Қажымұқан

«ZhambylNews» ақпарат агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу