ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Мойынқұмда қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды

Мойынқұмда қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды

 

  

Жаттығудың өту барысын Жамбыл об­лысы әкімі аппаратының бас инс­пекторы Рахат Омаралиев, аудан әкімі, ау­дандық төтенше жағдайлардың ал­дын алу және жою жөніндегі комис­сияның төрағасы Бақытжан Нүркенов, орынбасары Мұратхан Естаев, Жам­был облысы төтенше жағдайлар жө­нін­дегі департаменті бастығының орын­­басары, полковник Ерік Алпыс­ба­ев, Жамбыл облысы төтенше жағ­дайлар департаментінің азаматтық қор­ғаныс басқармасының бастығы, под­полковник Евгений Меришев, аға инспекторы, майор Жомарт Садир­меков қадағалады.
Жаттығу жұмысына аудан орталы­ғындағы мекемелерден 236 адам, 30 техника, ауданның басшы құрамы, аудан­ның төтенше жағдайлар бөлімі, төтенше жағ­дайлардың алдын алу және жою жө­ніндегі аудандық комиссия, апаттық-құт­қару қызметтерінің аумақтық және ны­сандық жасақтары, жаттығу өтіп жат­қан жердің тұрғындары қатысты. Жат­тығу барысында су қоймасы бөгетінің бұ­зылу қаупі төнгені туралы аудан тұр­ғындары хабарландырылып, су алу сал­дарынан зақымданған нысандарда ава­риялық құтқару жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккен тұрғындарға алғашқы меди­циналық көмек көрсетіліп, қауіпсіз жер­лерге көшірілді.
Штабтың арнайы отырысында екі күн­ге созылған командалық-штаб­тың оқу-жаттығу жиынында кеткен кемші­лік­тер атап көрсетіліп, қажетті құрал-жаб­дықтардың, дәрі-дәрмектің жетіспеуі, ес­кіруі, оны жаңалау қажеттігі әр коман­даның жетекшілеріне ескертілді.

 

Жолдыбай ДӘМЕТОВ,
«Мойынқұм таңы».
Суретті түсірген Т. Сарыбаев.

Пікір: 0
Пікір қосу