ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Мойынқұмда жаңа қызмет түрлері ашылды

Мойынқұмда жаңа қызмет түрлері ашылды

Жуырда байланыс қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында «Казпошта» акционерлік қоғамына қарасты Мойынқұм аудандық пошта торабында халыққа қызмет көрсетудің жаңа түрлері ашылды.

Сату нүктелерін жаңғырту нәтижесінде орталық оперативтік бөлімшесі жаңаланып, сәлемдеме супермаркет бөлімшесі мен заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімі қызмет көрсетуді бастады. Бұл қызмет түрлері тұтынушыларға қолайлы, әрі сапалы қызмет көрсетуді көздейді. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жаңа 2 «Нива» және «Ларгус» автокөлігі, 5 велосипед берілді. Қазіргі кезде жыл соңына дейін ғимарат сыртына  халық сұранысына орай банкомат қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр.

 

Ж.СЕЙІЛХАНҰЛЫ.

Суретті түсірген А.Әлтай.

Пікір: 0
Пікір қосу