ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жайылма ауылында 2000-ға жуық адамның қатысуымен мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды

Жайылма ауылында 2000-ға жуық адамның қатысуымен мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жаңғырудың жарқын жолындағы - Сарысу» тақырыбында баспасөз-конференция өтті. Жиынға Сарысу ауданының әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы қатысты.

 

Спикердің мәлімдеуінше, ауданда Елбасы мақаласының маңызын түсіндіру және осы бағыттағы ортақ міндеттерді талқылау барысындағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. 2017 жылдың 7 тамызы - 31 желтоқсаны аралығына арналған облыстық желілік кестеге сәйкес, аудан аумағында барлығы 40 іс-шара (23 аудандық, 17 қала/ауылдық деңгейде) өткізу көзделген. Желілік кесте 5 спорттық, 7 мәдени-көпшілік, 3 қайырымдылық, 3 экскурсиялық, 22 әртүрлі (дөнгелек үстел, кездесу, көрмелер, семинарлар және т.б.) іс-шараларды қамтыған. Бұл іс-шараларға 4 мыңнан аса адам қамтылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда, жоспарлы 40 іс-шараның 19 өткізіліп, оған 2 мыңға жуық тұрғындар тартылған. Алдағы уақытта қалған 21 іс-шара өткізілетін болады. Жоспарлардан тыс халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптейтін шаралар өткізу де тәжірибеде бар. Тамыз айында екі күндік бағдарламасына сәйкес, Жайылма ауылында 2000-ға жуық адамның қатысуымен Қазақ хандығының құрылуына өзіндік үлес қосқан тарихи тұлға Барақ Бигелдіұлының рухына арналған мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды,- деп баяндады Нарбаев Балабек Жанбекұлы.

Пікір: 0
Пікір қосу