ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » 64 кәсіпорын әлеуметтік серіктестік туралы меморандумға қол қойды

64 кәсіпорын әлеуметтік серіктестік туралы меморандумға қол қойды

64 кәсіпорын әлеуметтік серіктестік туралы меморандумға қол қойдыТараз. Zhambylnews- Аймақтағы 64 кәсіпорын әлеуметтік серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін өңірдің ірі кәсіпорындары 2 бағыттағы меморандумға қол қойған болатын. Алғашқысы-еңбек құқығын қамтамасыз ету саласындағы әріптестік болса, екіншісі-өнім барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз ету.
Барлық меморандум 17 болса, оның 6-ы ірі кәсіпорын жұмысшыларының еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты. Ал қалған 11 меморандум өндіріс барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге арналған. Аталған меморандумдардың жалпы құны шамамен 11 млрд. теңгені құрайды.
Жалпы алғанда, өңірде әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында өндірістік процесті тұрақтандыру, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыру мәселелері туралы 79 меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда.
«ZhambylNews» АА
Пікір: 0
Пікір қосу