ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Таразда «Ұлы тұлға – ұлт аманаты!» атты жастар акциясы өтті

Таразда «Ұлы тұлға – ұлт аманаты!» атты жастар акциясы өтті

Таразда  «Ұлы тұлға – ұлт аманаты!» атты жастар акциясы өттіТараз. Zhambylnews – Тараз қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «ҰЛЫ ТҰЛҒА – ҰЛТ АМАНАТЫ!» атты жастар акциясы ұйымдастырылды.
         Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде ғылым мен білімді, мәдениет пен өнерді, бұқаралық спорт пен ақпаратты дамытуға елеулі үлес қосып, өз қызметінде ерекше белсенділік танытқан Тараздың жастарына қала әкімінің жыл сайынғы сыйақысын табыстау дәстүрге айналып отыр. Аталмыш дәстүрге сәйкес қала әкімі Нұржан Календеров «Жас ғалым», «Жас қаламгер», «Жігерлі жас», «Жас дәрігер», «Жас ақын», «Жас спортшы» номинациялары бойынша үздік атанған жастарды марапаттап, алғыс хаттарды табыстады.
         Акция мақсаты-әр салада үздік деп танылған жастарды марапаттау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту, Елбасы Жолдауына қолдау білдіру. Шараға барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
«ZhambylNews» АА

Пікір: 0
Пікір қосу