ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша облыстық актив өтті

Жамбыл облысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы бойынша облыстық актив өтті

Жамбыл облысы әкімдігінде өткен облыс активінің отырысында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда : өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттер  талқыланды. Жиынға облыс əкімі Кәрім Көкірекбаев, басқарма басшылары, партия мүшелері мен аудан əкімдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты. Кезекті жолдаудан туындайтын міндеттер туралы облыс əкімі Кәрім Көкірекбаев баяндама жасады.
  - Елбасы Жолдауының ережелерін халыққа дұрыс, әрі кеңінен жеткізу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, онда дағдарысқа қарсы барлық әрекеттер жан-жақты қамтылып отыр. Сондықтан бұл тапсырмаларды мерзімімен орындап, үйлесімді жұмыс атқаруымыз керек - деді аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев.
  Бүгінде Жамбыл облысында келешегі бар баламалы энергетика, химия, ауыл шаруашылық кешені, құрылыс индустриясы және т.б. салаларға қатысты 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде әлеуетті шетел  инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.
Актив жиналысына қатысушылар Жолдауда айтылған  инвестиция көлемін ұлғайту, экономиканы одан әрі дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік саланы нығайту, кәсіптік-техникалық білім беру, салық жүйесіне қатысты алдағы уақытта аймақта жүзеге асатын жұмыс жоспарымен танысты. Өңір басшысы нақты міндеттер жүктеді.
Айта кету керек, облыста осы мерзім ішінде  22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылса,  «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам адам еңбекке тартылаған. 
Тағы бір назар аударарлық жайт, алдағы он жылда Жамбыл облысы экономикасының өсімін 30 пайызға дейін жеткізуді жоспарланып отыр. Бюджеттің өзіндік кірістері 1,8 есеге ұлғаямақ.
Бүгін  Елбасының кезекті Жолдауын барлық аудандар мен ауылдарға насихаттау үшін арнайы керуен аттанатын болады. 


Пікір: 0
Пікір қосу