ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбылда жастар форумы өтті

Жамбылда жастар форумы өтті

Жамбылда жастар форумы өттіТараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен халқына ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп, кемел келешек пен бейбітшілікке, тұрақтылық пен жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенділігі мен атқарған жұмыстарының жемісін жастарға жеткізу мақсатында «Кемелді келешекке - кемеңгер басшымен!» атты облыстық жастар форумы өткізілді.
         Аталған форум Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен тұспа-тұс келіп, Форум жастардың Жолдауды тікелей эфир арқылы тыңдауымен басталды.
         Форумда «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Құрмет орденінің иегері Е.Төлендиев, Республикалық өз кәсібінің үздіктері байқауының «Үздік технолог» номинациясының жеңімпазы Д.Егембердиев, жас ақын Марал Хантөреқызы Елбасының өмірлік іс-тәжірибесі, Тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы қалтқысыз еңбегі турасында баяндама жасады.
         Сонымен қатар, шарада Елбасымызға арналып түсірілген қысқаметражды бейнефильм жастар назарына ұсынылып, жастардың Елбасына деген жүрек жарды арнаулары тыңдалды. Сондай-ақ, қатысушыларға Елбасы туралы, еліміздің қарыштау жолындағы маңызды сәттер туралы жастарға викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың авторлық кітаптары ұсынылып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
        
 
 
 
 

Пікір: 0
Пікір қосу