ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында «Мемлекеттік жастар саясаты: дамуы және қалыптасуы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Жамбыл облысында «Мемлекеттік жастар саясаты: дамуы және қалыптасуы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Жамбыл облысында «Мемлекеттік жастар саясаты: дамуы және қалыптасуы» атты ғылыми-практикалық конференция өттіМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік жастар саясаты: дамуы және қалыптасуы» тақырыбына мемлекеттік жастар саясаты туралы қабылданған Заңды түсіндіру мақсатында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Аталған шараға үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері, «Жастар ресурстық орталықтарының» директорлары, жоғары оқу орындарындағы тәрбие бөлімдерінің мамандары, облыстық этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.
Конференция барысында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңынан туындайтын міндеттер, Заңда шешімін тапқан әлеуметтік инфрақұрылымдар, «Жастар ресурстық орталықтары», жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастардың өзін-өзі басқаруы және жастар ұйымдары турасындағы негізгі мәселелер жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.
         Ал, «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы П.Мамедова ағымдағы жылы Тараз қаласы мен аудандарда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында жүргізілген зерттеулерінің қорытындысы бойынша баяндама жасады.
   Сонымен қатар, конференция барысында жоғары оқу орындарындағы тәрбие бөлімдері мамандарының жастар арасындағы саяси-құқықтық мәдениетті жоғарылату, түрлі мемлекеттің дамуына бағытталған стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік жастар саясатындағы реформаларды іске асырудың жолдарын ұсынумен қорытындыланды.


Пікір: 0
Пікір қосу