ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаменті бастығының орынбасары тағайындалды,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметіне подполковник Алпысбаев Ермек Жомартұлы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Е.Алпысбаев 1971 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
Азаматтық қорғау органдарында 2007 жылдың мамыр айынан бері қызмет атқарып келеді. Бұған дейін Алматы қалалық ТЖД азаматтық қорғау басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.
 Жамбыл облыстық ТЖД басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Данилов Е. Алпысбаевты Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына таныстырды. 



Пікір: 0
Пікір қосу