Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібектің «Химиктер күні» кәсіби мерекесіне байланысты құттықтауы

0 39

Құрметті химия өнеркәсібінің қызметкерлері!
Сіздерді, кәсіби мерекелеріңіз – «Химиктер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғат біздің елімізді бай минералды ресурстармен қарқынды қамтамасыз еткен. Бірақ, бұл жер қойнауында жатқан байлығымызды химия өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің еңбегінсіз қолжетімді болмауы мүмкін еді.
Сондықтан да, күрделі де игі кәсіп иелері болып табылатын химия саласының мамандары шын мәнінде ерекше құрмет пен қошеметке лайықты.
Елімізде өнеркәсіпті дамыту, өнім сапасын арттыру, қазіргі заман талабына сай өндіріске жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударылып отыр.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында іргелі кәсіпорын «Казфосфат» тау-кен өңдеу кешенінің алар орны ерекше.
Тарихы тереңге созылған бұл ұжымда 1500-ден аса адам еңбек етуде. Оның бәрі аудан тұрғындары. Кәсіпорынның өнім өндіру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді.
Сондай-ақ, 51 жылдық тарихы бар Жаңатас қаласының даму тарихы, кеншілер тарихымен тығыз байланыста.
Еңбек ұжымы аудан көлеміндегі түрлі демеушілік және қайырымдылық шаралардан сырт қалған емес.
Ауданның тыныс-тіршілігіне, қоғамдық-саяси, мәдени-спорттық шараларына белсенді араласады.
Сонымен қатар, Қаратау қойнауын бойлап жатқан кен орындарын игеруге «Еврохим» компаниясы да үлес қосуда. Мекемеде еңбек ететін кеншілердің 95 пайызы жергілікті тұрғындар.
Өңіріміздің фосфор кенін өндіру және өңдеуді осындай алпауыт компанияның қолға алуы, аудан экономикасын өркендетуде септігін тигізері сөзсіз.
Бүгінде, «еврохимдіктер» өздерінің өндіріс деңгейін әлемдік экономика талабына сәйкес дамытып келеді.
Бұл жұмыстардың барлығы кеншілердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ғана мүмкін болып отыр.

Уважаемые работники химической промышленности!
Поздравляю Вас с профессиональным праздником — Днем химика.
Выражаю Вам огромную благодарность, за ваш вклад в развитие экономики района. Достижения предприятий химической отрасли доказывают, что их потенциал далеко не исчерпан.
Обеспечение рационального использование природных ресурсов фосфоритного бассейна «Каратау», что, в свою очередь, имеет огромное значение в социально-экономическом развитии района.
Уверен, что во многом благодаря Вашему самоотверженному труду и высокому профессионализму мы сумеем решить важнейшие проблемы и достичь поставленных целей.
От всей души желаю всем Вам и Вашим семьям доброго здоровья, успехов в труде, счастья и семейного благополучия!

Қадірменді кеншілер!
Сіздердің еңбектеріңіз біз үшін қашан да құрметті болып табылады.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің кен игеру саласының баянды болашағы мен игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер, мол табыстар тілейміз.
Баршаңызға белсенді қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.