ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Жамбыл облысында 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының басшысы Болат Дәулетбайұлы Есімбеков айтты.
Б.Есімбековтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде көптеген мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Олардың түпкілікті мақсаттарының  бірі – түрлі деңгейдегі бизнеске жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету. Атап айтсақ, өңір экономикасының қарышты дамуына Индустриалды – инновациялық даму Бағдарламасының жүзеге асуы айтарлықтай септігін тигізіп отыр. Бірінші бесжылдықта  Индустрияландыру Картасына сәйкес жалпы құны 123,3 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асып,  4958 жұмыс орындары ашылды. Екінші бесжылдықта кәсіпкерлікті қолдау Картасына сәйкес, жалпы құны 555,3 млрд. теңгені құрайтын  29 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Осы айтылған жобалардың ішінде, жалпы құны 34,2 млрд. теңгені құрйатын  9 жоба жүзеге асырылып, облысымыздың 600 тұрғыны жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
Жүзеге асқан жобалардың ішінде ерекше жоба ретінде, 2015 жылы "Burnoye Solar-1" ЖШС жүзеге асырылған,   қуаты 50 Мвт құрайтын күн электр стансасның құрылысын атап өтуге болады. Станция Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы болып табылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 18 мамырда іскен қосылған,  «Оңтүстік Халал Тағамдары»  ЖШС салған, етті «»Халал» стандартарына сәйкес өңдейтін комбинатты атап өтуге болады. Кәсіпорын жылына 1757 тонна ет өнімін шығарып, оның 80% Біріккен Араб Әмірліктеріне, Иран және басқа шетелдерге экспорттауды жоспарлап отыр.
«Сонымен қатар, облысымызда химиялық кластердің ірі жобасы болып табылатын «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-нің «Минералдық тыңайтқыштарды шығаратын химзауыт» құрылысын атап өтуге болады. Жобаның жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан асып, 2000 жұмыс орны бар,  жылына 1,4 млн. тонна минералдық тыңайтқыш шығып тұрмақ. Жобаны 2018 жылы іске қосу жоспарланып отыр.  
«Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының құрылуы - Қазақстан үшін жаңа 16  химиялық өндірістің іске қосылып, республикада өндірілмейтін немесе аз мөлшерде шығаратын химиялық өнімдерді шығарумен, сондай – ақ айтарлықтай экономикалық пайда түсетін  жағымен ерекшеленбек. Бүгінгі таңда Аймақ аумағында өз жобаларын жүзеге асыру үшін 5 қатысушы тіркеліп, 6 өндірісті жүзеге асыруды «Каустикалық сода және хлор», «Глифосат (гербицид) және үшхлорлы фосфорды өндіру», «Пестицидтер өндіру», «Метанол өндіру»,  «Құрғақ бутилды ксантогенат натрий өндіру»,    «Табиғи газды терең өңдейтін зауыт құрылысы» жобалары.
Жобалар бойынша жалпы тартылатын инвестициялар көлемі 259,5 млрд. теңгені құрап отыр»,- деп мәлімдеді Б.Дәулетбайұлы.
 

Пікір: 0
Пікір қосу