ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » ҮИИД бағдарламасы бойынша Шу ауданында 74 жаңа жұмыс орны ашылды

ҮИИД бағдарламасы бойынша Шу ауданында 74 жаңа жұмыс орны ашылды

Шу ауданында ҮИИД бағдарламасының алғашқы бесжылдығы аясында іске қосылған нысандарда 74 жаңа жұмыс орыны ашылған. Бұл туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
2010-2014 жылдары ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде жалпы құны 2 млрд. 105 млн. теңгені құрайтын  барлығы 3 жоба іске асырылған  болатын. («Каz Ir Agro»ЖШС) – сұйық май өңдеу зауыты, «Бірлік энерго»ЖШС -мұнай өнімдерін өңдеу зауыты, «А&Т Энерго»ЖШС -Тасөткел су элктрстансасы.
Осы нысандарда 74 жаңа жұмыс орындары ашылып және 2011-2015 жылдары аралығында бюджетке 39,5 млн. теңге салықтар мен төлемдер түсті.  2016 жылдың бес айында бюджетке  8 007 мың теңге түсті.

Пікір: 0
Пікір қосу