ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Шу ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 911,2 млн. теңгені құрады

Шу ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 911,2 млн. теңгені құрады


Шу ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі есепті мерзімде 911,2 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 %-ға орындалды.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен Шу қаласындағы Жібек жолы атындағы орта мектеп-лицейге жапсарлас спортзал, мәжіліс залы, шеберхана және төрт сынып бөлмелерінің құрылыс жұмыстарына 234,8 млн. теңге қарастырылып, бес айда 58,7 млн. теңге игерілді.
Шу қаласының Сыпатай батыр көшесіндегі Жамбыл атындағы мектепке жапсарлас спортзал, мәжіліс залы, 6 сынып бөлмелері, асхана, қазандық құрылыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 52,8 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары  басталды. Бес айда игерілген қаржы көлемі 17,1 млн. теңге.

Пікір: 0
Пікір қосу