Жамбыл облысында көкөніс пен дәнді-дақылдардың алқабы ұлғайып келеді

0 33

Жыл өткен сайын Жамбыл облысының көкөніс, бақша және дәнді дақылдарды өсіретін егін алқаптары кеңейіп келеді. Ағымдағы жылы оларға 132 мың 500 гектар ауылшаруашылық алқаптары бөлінді. Бұл кезеңде соя, мақсары, картоп және бақша дақылдары толық жиналады. Ал жақында агроқұрылым өкілдері жүгері жинауға кіріседі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі күні пиязға бөлінген отыз тоғыз мың гектар жердің 6 мың 200 гектарынан өнім жиналды, бұл негізгі ақаптың 16 пайызын құрайды. Тамшылатып суару мен минералды тыңайтудың ең заманауи жүйелерін қолданудың арқасында пияз өнімі танымал болды және облыс бойынша бұл дақылдың орташа өнімділігі әр гектардан 238 центнерге жетті. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы нәтижеге әр гектардан 260-тан 280 центнерге дейін Жамбыл, Талас және Шу аудандарының көкөніс өсірушілері қол жеткізді. Пияздың жалпы түсімі 147 мың тоннадан асты.

Картоп жинау да қарқынды жүріп жатыр. Бұл дақылға облыс бойынша барлығы 11,5 мың гектардан астам жер бөлінген. Жуалы ауданында 2 мың 560 гектар жер берілсе, Қордай ауданында 3 мың 675 гектар жер бөлінді. Егу көлемі бойынша Шу мен Меркі аудандары 1425-тен 1000 гектарға дейін алқапқа егін орналастырған. Жуалы және өзге де өңірлерде егін жинау енді басталып жатса, Қордайда картоп өсірушілер 2 мың 480 гектар алқаптан егіннің үштен екісін жинады. Әзірге облыс бойынша бұл нәтиже гектарына 303 центнерді құрап отыр. Бұл кезеңде картоп дақылының 38 пайызы ғана жиналған, сондықтан жалпы өнім көрсеткіші әлі де өзгеруі әбден мүмкін.

Сондай-ақ облыс шаруалары астық пен сүрлемге арналған жүгері өнімін жинауға дайындалуда.Үстіміздегі жылы барлығы он тоғыз мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жеріне жүгері алқаптары егілді. Ең үлкені шамамен 7 мың 660 гектар жер Қордай ауданына тиесілі болса, Байзақ ауданының шаруалары 2 мың 642 гектар жерге жүгері егіп отыр.

Аталған алқаптардың 2 мың 119 гектары меркіліктерге, 1 800 гектарын шулық шаруалар игерген. Ал 300 ден 1000 гектарға дейінгі жерлер өзге аудандарға тиесілі. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан биыл әулиеаталық диқандар жоспарлы межені бағындыруға ниетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.