ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Шу ауданы кітапханаларындағы кітап қоры 234 мың 677 дананы құрайды

Шу ауданы кітапханаларындағы кітап қоры 234 мың 677 дананы құрайды

Шу ауданында барлығы 27 кітапхана бар. Оның 2-і типтік (аудандық орталық, №2 қалалық кітапхана) ғимаратта, 9-і ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда (Төле би ауылдық балалар, Балуан Шолақ, Бірлікүстем, Көктөбе, Көкқайнар, №3 қалалық, Сауытбек, Бірлік), 11-і ауылдық әкімшілікте (Алға, Ақтөбе, Абай, Ақсу, Бәйдібек, Белбасар,  Далақайнар, Тасөткел, Шоқпар, Жаңа жол, Қонаев, Мойынқұм), 1-і (Еңбекші) мектепте, 1-і жалға алып (№1 қалалық кітапхана) отыр, 1-і дәрігерлік (Оразалы) амбулаторияда, 2-і жеке (Жиенбет, Жайсан) үйде орналасқан.
Кітапханалар бойынша жалпы кітап қоры – 234 мың 677 дана, оның мемлекеттік тілдегісі – 113 мың 322 дана кітап. Оқырмандар саны - 6030, келім саны – 43 мың 565. Кітап берілімі – 87 мың 894 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 71 мың 724 дана.
Аудандағы 27 кітапхананың барлығы компьютермен қамтамасыз етіліп, РАБИС (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық–ақпараттық жүйе бағдарламасы) бағдарламасы орнатылды. Қазіргі таңда аталған бағдарламаға жалпы 95522 дана дерек қоры енгізілсе, оның 8887 дансы 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында енгізілді
Аудандағы 48 мәдени ошақтардың барлығы 100% компьютерлермен қамтамасыз етіліп, 27 кітапхананың барлығы интернет жүйесіне қосылған. Ал, 21 мәдениет үйлері мен клубтардың 3 (үшеуі) яғни аудандық мәдениет үйі, қалалық мәдениет үйі, Бірлік ауылдық клубы интернет жүйесіне қосылған.
Сонымен бірге аудандық орталық кітапханада және қалалық №2 кітапханада электронды залдар халыққа қызмет көрсетуде.

Пікір: 0
Пікір қосу