ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз қаласының әкімі қалалық мәслихат депутаттарына есеп беру кездесуін өткізді

Тараз қаласының әкімі қалалық мәслихат депутаттарына есеп беру кездесуін өткізді

Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров қалалық мәслихат депутаттары алдындағы 2016 жылдың І-ші жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп беру отырысын өткізді.
Кездесу барысында қала әкімі өнеркәсіп, инфляция, бюджет, инвестиция, сауда және орта шағын бизнесті дамыту салаларына кеңінен тоқталды. 
Қазіргі таңда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейде екенін ескере отырып, жекелеген көрсеткіштер бойынша өсу мүмкіндігі бар екенін қала әкімі атап өтті. Мәселен, өңіріміздегі өнеркәсіп саласы өткен жылмен салыстырғанда 9 млрд. 639,5 млн.теңгеге артық өнім өндірілген. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда қаладағы бөлшек сауда айналымының көрсеткіші 14 млрд. 117,6 млн.теңгеге өскен.
Есеп беру отырысында Тараз қаласында атқарылып жатқан істер легі де таныстырылды. Олардың ішінен жүогізіліп жатқан ірі «MART» ойын-сауық орталығы, «Магнат» және одан өзге екі сауда үйдің құрылыс жұмыстарын атауға болады.  
Тараз қаласының әкімі 2016 жылдың І-ші жартыжылдығында атқарылған және қазіргі таңда әлі тоқтамаған әлеуметтік және экономикалық маңызы бар істердің бірқатарын атап өтті.
Сондай-ақ, Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында мойнына күміс медальға ие болған Елдос Сметовты көпшілік атынан құттықтады.

Пікір: 0
Пікір қосу