ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Меркілік "Turan" демалыс аймағы аудандық туризмнің дамуына үлес қосуда

Меркілік "Turan" демалыс аймағы аудандық туризмнің дамуына үлес қосуда

Меркі тау шатқалында орналасқан "Turan" демалыс аймағы аудандық туризмнің дамуына үлес қосып келеді. Ашылғанына бірнеше ай болса да мұнда жергілікті тұрғындар мен жақын облыстардан басқа батыс, солтүстік өңірлерден де демалушылар келе бастаған.
         Демалыс орыны тауа ауасы және мөлдір суымен, көз тартар табиғатымен ерекшеленеді. Екі гектар жерді алып жатқан нысанда 4 номерлі қонақ үй мен 14 адамға арналған екі қабатты коттедж соғылған. Қонақ үйдің бағасы тәулігіне таңғы асты қоса алғанда 15 мыңды құрайды, ал коттедж бағасы - 80 мың теңге.
         Сондай-ақ, мұнда суы мөлдір әрі тұнық 2 бассейн бар. Ол таудың суымен толтырылады және бассейнге жеткенше 3 рет сүзгіден өтеді. Табаны жылу құбырларымен жабдықталған, сондықтан үнемі 25 градус жылы болып тұрады. Бұл келушілердің күннің кез келген уақытында суға түсуіне мүмкіндік береді.
         "Біздің демалыс аймағында демалушылардың саны күн сайын артып келеді. Көрсетілетін қызмет бағасы қолжетімді әрі сапалы. Тұтынушыларға барынша жағдай жасауға, көңілдерінен шығуға тырысамыз",-дейді нысан меңгерушісі Айтжамал Күдебаева.
         Мұнда бүгінде 20 шақты адам еңбек етеді. Олардың айлық жалақысы 40 мың теңге көлемінде.
Айта кетерлігі, демалыс орынына келіп, саумал және қымыз ішіп кететіндердің саны да күн сайын көбейіп келе жатқан көрінеді. 

Пікір: 0
Пікір қосу