ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбылдық шаруа қожалығы әр гектардан 600 центнер қант қызылшасын жинамақ

Жамбылдық шаруа қожалығы әр гектардан 600 центнер қант қызылшасын жинамақ

Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» ЖШС 1929 жылдан бастап егін және мал шаруашылығымен айналасып келеді. 2008 жылы қант қызылшасын өсіруді қолға алған серіктестік бүгінде істің көзін тауып, биыл әр гектардан 600 центнер тәтті түбір жинауды жоспарлап отыр.

Жоғары өнімділікке жетуге жаңбырлы ауа райымен қатар жаңбырлатып суару технологиясы өте үлкен септігін тигізген. Себебі, қызылша суаруды көп керек етеді. Басқа дақылдар 2 рет суарылатын болса, тәтті түбірді 5 рет суару қажет. Қазір мұндағы 200 гектар алқапта Ресейдің Волгаград қаласында шығарылып,  1 млн. рубльге сатып алынған 2 жаңбырлатып суару құрылғысы  жұмыс жасауда. Үнемділігі – секундына 150 литр. 
Қызылша егілген алқапқа келесі жылы өзге дақылдар егіледі. Себебі, тәтті түбірдің тамырындағы балшық шіріндінің пайда болуына әкеледі. Сондықтан, жүгері, бидай немесе арпа сияқты дақылдар кезектесіп себіліп, тек үшінші жылы ғана қайта қызылша егуге болады.   
Бүгінде серіктестік жаңа технологиялы техникалармен жабдықталған. Мысалы, тұқымды дәлме-дәл, өзіңіз қалаған ара қашықтықта себетін арнайы құрал   қызылшаны жекелемеуге мүмкіндік береді.  Жер астында жатқан тәтті түбірді қопсытып, түбін босатып, ауа беріп отыртын арнайы құрылғы да бар.  
Сондай-ақ, қожалық биыл алқапты құрт –құмырсқадан қорғау мақсатында  3 рет дәрілеген. Ал шөп басуға қарсы пирамин турбо атты жаңа препарат қолданған. Аталған дәрінің арқасында бірінші шабық жүргізілмеген. Дегенмен, препарат шамасы жетпейтін арам шөптер де болатын көрінеді. Мұндай жағдайда маусымдық жұмысқа 150 адам тартылады екен. 
«Биыл ауа райының қолайлығына байланысты егін түсімділігі жоғары болады деп күтудеміз. Әр гектардан 600 центнер тәтті түбір жинауды жоспарлаудамыз. Өнімді өткізу бағасы көңілге қонымды, 17 теңге. Сондай-ақ, гектарына 90 мың теңге еккенім үшін, тоннасына 1250 теңге өткізгенім үшін субсидия бөлінеді. Сонда қызылшаны бағасы келісіне 23 теңгеден айналады. 6 теңгеден өткізіп те пайда көргенбіз. Бастысы – еңбек етуге дене құлшыныс болса болғаны,-дейді серіктестік басшысы Қанат Шайхиев.
Қожалық егінді жинауды 1 қазаннын бастайды. Жиналған тәтті түбірді өткізуге «Орталық Азия Қант бірлестігі» ЖШС-мен келісім жасалған. 



Пікір: 0
Пікір қосу