ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Меркі ауданында «Мега – орталық» бой көтерді

Меркі ауданында «Мега – орталық» бой көтерді

Меркі ауданында салынып жатқан «Мм Меркі» мега-орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріліп, жергілікті тұрғындарды қуанышқа бөлемек.

Екі жыл бұрын басталған нысан құрылысы бүгінде аяқталуға таяу. Жобаға барлығы  1 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалған.
Бірнеше қабаттан тұратын орталықта сауда орындары, балаларға арналған ойын аумағы, дәмханалар, ролик алаңы және 120 адамға арналған кино зал орналасқан.

«Меркіде мега салу менің арманым болатын. Міне, енді арманым шындыққа айналып отыр. Нысан келушілерге келесі айда есігін айқара ашатын болады. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып қалды, тек сауда орындарына қажетті әйнек шынылар күтіп отырмыз. Ал балаларға арналған ойын аймағы бүгінде пайдалануға берілді. Мен үшін сәби күлкісінен артық бақыт жоқ»,-дейді меганың директоры Болат Рақымбаев.
Орталықтың жалпы аумағы 9, 6 мың шаршы метрді құрайды.   

Пікір: 0
Пікір қосу