Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне даңқты қолбасшылардың есімдері берілді

0 7

ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне даңқты қолбасшылардың есімдері берілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА   ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қорғаныс министрінің директивасымен 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасына Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың есімі, 5-ші механикаландырылған бригадаға Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы полковник Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Бұл әскери бөлімдерге батырлардың есімдері кездейсоқ таңдалған жоқ. Алматы облысында 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы орналасқан. Ол жерде 1941 жылдың жазында генерал-майор Иван Панфиловтың басшылығымен ел аузында «Панфиловшылар» атымен белгілі 316-шы атқыштар дивизиясы құрылды.

5-ші механикаландырылған бригада болса Тараз гарнизонында, бұл Жамбыл облысы Жуалы ауданының тумасы, атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлы туған аймақта орналасқан.

Бұндай игі бастаманы әскери бөлімдердің жеке құрамы мен Қорғаныс министрлігінің басшылығы тұтастай қолдаған болатын. Қорытынды оң шешімді Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы шығарды.

«Әскери бөлімдерге жауынгер қолбасшылардың есімдерін беру фашизмді жеңуге, әскери ғылымды, тактиканы және шұғыл ұрыс өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан аты аңызға айналған қолбасшыларды жадымызда мәңгі сақтауға және жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын жалғастыруға ықпал етері сөзсіз»,-делінген хабарламада

Leave A Reply

Your email address will not be published.