Қазақстанның 3 қаласында оқушылар үшінші тоқсан бойы онлайн форматта оқиды

0 4

Еліміздің үш қаласында мектеп оқушылары сабақты онлайн форматта оқиды. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін мектепте үшінші тоқсан басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады. Оқу әртүрлі форматта болады. Біздің министрліктің ұстанымы мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін де бар жағдайды жасайды. Дегенмен эпиджағдайдың күрделене түсуіне байланысты еліміздің 3 қаласында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте оқушылар қашықтан, янғи онлайн форматта оқитын болады. Қазіргі уақытта мектептерді техникалық тұрғыдан қамту жұмысы аяқталып жатыр», — деді Гүлшмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, басқа өңірлерде де 600-ден көп оқушысы бар мектептер қашықтан оқуға көшуі тиіс.

«1-2 сынып оқушылары олардың жас ерекшелігін ескере отырып сабақты мектепке келіп оқиды. 3-5 сынып оқушылары кезекші топ форматында білім алады. Ал қалған сыныптар қашықтан оқуға көшуі тиіс. Сондай-ақ, мектепте 600 оқушыдан аз болса, ол мектепке дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат», — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.