Алматы жарықсыз қалды: Әкімдік түсінік берді

0 8

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы өшіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Жарық бүгін түскі сағат 12:00 шамасында сөнді.

Алматы көшелерінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.

«Жарық KEGOC желісінің бойында сөнді. Желілердегі кернеу төмендеп кетті. АЖК қосалқы станцияларындағы автоматты басқару жүйесі іске қосылды», — хабарлады Алматы әкімдігінен.

Сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ Алматыда электр энергиясының өшуіне байланысты түсінік берді.

«Өңірді энергожүйенің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр желілерінің апатты түрде тоқтауына байланысты Алматы қаласы мен Алматы энергетика орталығы оқшауландырылған жұмысқа ауыстырылды», — деді компаниядан.

Өз кезегінде «Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ және «Мойнақ» су электр станциялары өз жүктемесін сақтап қалғанын және қазіргі уақытта жүйелік оператордың тапсырысы бойынша қуаттылығын арттырып жатқанын мәлім етті.

Бұл ретте мәлім етілгендей, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның солтүстік энергия көздері – Екібастұз ГРЭС-і көрсетілген жүктемені кідіріссіз жұмыс істеп тұр. Екібастұз ГРЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеп тұр, ағымдағы жүктеме 2930 МВт, Екібастұз ГРЭС-2-де екі энергоблок жұмыс істейді, жүктеме 950 МВт.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде электр энергиясы Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында да сөнгені жазылып жатыр. Бұдан бөлек, көрші Өзбекстан елінде де жарықсыз қалған өңірлер бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.