ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Бурабай жылына миллион турист қабылдай алады

Бурабай жылына миллион турист қабылдай алады

Бурабай жылына миллион турист қабылдай алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұркенов өз сөзінде облыстың тек қазақстандықтарға ғана емес сонымен бірге шетелдік туристерге өте жоғары қызмет көрсетуге мүмкіншілігі жететіндігін баса айтты. Оның айтуынша, Ақмола облысында туризм саласында 800-ге жуық кәсіпорын бар. 
«Өңірдің шипажай бағытын кеңейту бір жазғы маусымда 500 мың, ал толықтай алғанда жыл ішінде шамамен 1 млн. демалушыны қабылдауға мүмкіндік береді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында туризм саласында 38 жоба қолдау алып, 236 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 8 жоба бойынша жалпы сомасы 29,4 млн. теңгеге гранттық қаржыландыру алынды. Банк кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға жалпы сомасы 2 315,3 млн. теңге болатын 23 жоба ие болды. Заманауи гольф-клубтың құрылысы аяқталуда», - деді ол. 
Оның айтуынша, Ақмола облысында туристік кластерді дамыту және нысандарды туристердің еркін баруын қамтамасыз ету мақсатында табиғи және тарихи орындарға баратын автомобиль жолдарын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
«Щучье-Бурабай курорт аймағының көше жолдарын жөндеу және жаңғырту жұмыстары да жүргізіліп жатыр», - деді әкім орынбасары.



Пікір: 0
Пікір қосу