ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Шабыт-2016. Жеңімпаз ақындар анықталды

Шабыт-2016. Жеңімпаз ақындар анықталды

Астанада XIX "Шабыт" Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтіп жатыр. Кеше "Үздік әдеби шығарма" номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы massaget.kz жазды.
Ақтық сынға еліміздің әр түкпірінен іріктелген 46 үміткер қатысты. Жас ақындар өздерінің үздік өлеңдерін оқып, фестиваль көркін қыздырды. Байқау қазылары құрамында Несіпбек Айтұлы, Оңайгүл Тұржан, Қонысбай Әбіл, Қалқаман Сарин сынды елімізге белгілі ақындар болды. 
Сонымен, жарыс қорытындысы төмендегідей:
Арман Шеризат – Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан арнайы сыйлық (75 000 теңге)
Әлімжан Әлішер – «Әдебиет порталы» тағайындаған Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлық (50000 теңге)
Ұмтыл Зарыққан – Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов атындағы атаулы сыйлық (75 000 теңге) 
Медет Божан – 3 - орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (150 000 теңге) 
Айдана Сегізбаева – 2-орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (200 000 теңге)
Асылбек Жаңбырбай – 1-орын Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (250 000 теңге)
Ербол Алшынбай – Гран-При, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (300 000 теңге)


Пікір: 0
Пікір қосу