ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Nokia телефон нарығына қайта оралды

Nokia телефон нарығына қайта оралды

Финляндиялық Nokia компаниясы нарыққа қайта оралып, жаңа смартфонын таныстырды, - деп хабарлайы "Вести.Ru". Финляндиялық маркаға эксклюзив құқығы бар HMD Global компаниясы Қытайда Android 7.0 Nougat негізіндегі Nokia 6 самртфонының таныстырлымын өткізді, - деп жазады "tengrinews.kz".
© SlashGear
Жаңа смартфон Samsung Galaxy Note 7 стиліндегі дизайнмен және сырты бүтін етіп металдан жасалған. Телефонның 5,5 дюйм IPS-экраны Full HD графикалы және Corning Gorilla Glass 3 қорғаныс әйнегі бар.  
Телефонның жады 64 гигабайт, дегенмен Qualcomm Snapdragon 430 процессоры салыстырмалы түрде баяу жұмыс істейді. 
Жаңа Nokia-ға екі SIM-карта салынады, Bluetooth 4.1, Wi-Fi 802.11 b/g/n. Бүйіріндегі камерасының сапасы 8 мегапиксель, 85 градусқа дейін көрініс береді. 
Сонымен бірге, Nokia 6 "Үй" пернесінде орналасқан саусақ таңбасының сканерімен, NXP TFA9891 аудиодабылмен, екі динамикпен, Dolby Atmos технологиясы, Micro-USB портымен, акселерометр, электронды компас, гироскоп, жарық пен қашықтық тетіктерімен жабдықталған.
Жаңа телефон Қытай нарығына 2017 жалдың алғашқы жартысында шығады. Nokia 6 құны 245 доллар болады.


Пікір: 0
Пікір қосу