ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Ата-аналар мектептегі жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан босатылады

Ата-аналар мектептегі жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан босатылады

Биылғы жылдан бастап Бiлiм және ғылым министрлiгi «Ата-ана сағаты» ұлттық күнiн өткiзудi қолға алмақшы. Осыған орай министрлiк барлық жұмыс берушiлердi қызметкерлерiн ата-аналар жиналысына қатысу үшiн ертерек босатуды сұрайтын болады, - деп жазады Сұрақ-жауап сайты.
Ата-ана мектеп оқушы«Ата-ананың бала тәрбиесiндегi рөлi төмендеп кеттi деген пiкiрмен келiсемiз. Ата-аналар жиналыстарға бармайды. Ата-аналардың 40 пайызына дейiн 11 жылда мүлде мектепке бармайды. Бiз барлық мемлекеттiк органдар, компаниялар, жеке секторды ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы бiр-екi күнде ата-аналар жиналысына қатысуына мүмкiндiк беру керек», — дедi министр Ерлан Сағадиев бүгiн жастар мәселесi қаралған Үкiмет отырысында.
Бұған дейiн министр Сағадиев қызметкерлердi жұмыстан уақытында босату мәселесiн көтерген болатын. Өйткенi, оның айтуынша, қазiргi уақытта жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесiне дұрыс көңiл бөлмейдi.
«Жұмыс берушi қызметкерлердi уақытында, сағат алтыдан кейiн ата-аналарды үйге жiберсе, дұрыс болады деп есептеймiз. Мұндай тәжiрибе қажет. Ата-аналардың жұмыста кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары», — дедi министр.


Пікір: 0
Пікір қосу