ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Интернетке тәуелділікті электрошокпен емдеуге тыйым салынды

Интернетке тәуелділікті электрошокпен емдеуге тыйым салынды

Қытай халық республикасында ғаламторға жіпсіз байланып, интернетке тәуелді болып қалғандарды емдеу үшін қолданылатын электрошокермен қинау әдіс-тәсіліне тыйым салынды. Бұл жайында «vesti.ru» порталы «Mashable» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты, - деп жазады baq.kz.

Айта кетейік, интернетке тәуелді болып қалғандарға бұл елде арнайы лагер ашылған болатын. Онда «науқастарды» электрошокермен қинап, ас-сусыз қалдырып, ұйықтатпай азаптайды. Әдетте мұндай лагерге 17 мен 20 жас аралығындағы жасөспірімдер көп түседі.
Статистикалық мәлімет бойынша аталған елде 19 жастан кіші 750 млн жасөспірімнің әрбір бесіншісі интернетке тәуелді болып қалған. Оларды бұл дертінен айықтыру үшін ата-аналары қатал қараса да әлгіндей лагерге беруге мәжбүр. Интернетке тәуелділікті емдеу үшін электрошокерді қолдануға 2006 жылы рұқсат етілген болатын.
Алайда, 2009 жылы бұл әдіс-тәсілге денсаулық сақтау министрлігі тыйым салған еді. Десе де ел аумағында заңсыз жұмыс істейтін орталықтар бұл тыйымға құлақ асқан емес. Азаптаудың осынау түріне төзбеген жасөспірімдердің көбісі өзіне қол жұмсамақ болған. Мұндай лагерлердің біреуі Шаньдун провинциясында орналасқан.
2016 жлы 16 жастағы Чен Ксинран есімді бозбала өзін осындай лагерге аттандырмақ болған туған анасын кепілдікте де ұстаған еді. Қытай билігі жастар мен жасөспірімдер көп бас сұғатын интернет-кафелерге комменданттық сағат енгізіп, шектеу арқылы әлемнің осы заманғы бас ауруына айналған мәселемен күресіп көрмек. Оның қаншалықты тиімді болатынын алдағы уақытта білетін боламыз.




Пікір: 0
Пікір қосу