ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Қызылордада 3000 жолдық жырды жатқа айтатын ерекше бала тұрады (ВИДЕО)

Қызылордада 3000 жолдық жырды жатқа айтатын ерекше бала тұрады (ВИДЕО)

Қармақшы ауданының тумасы 16 жастағы Алмас Аппазов үшінші сыныбынан бастап өлең жаттауды әдетке айналдырған. Бұл туралы alashinform.kz хабарлайды.
Ерекше
500-ге жуық ақындардың өлеңдері мен эпостық жырларды жатқа білетін ол, "Қобыланды батыр" жырының 3000 жолын жатқа айтады. Осы уақытқа дейін  халықаралық, республикалық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр. Ол өлеңдерді тез жаттаудың сыры үздіксіз оқу мен барлық назарыңды тек өлеңге аудару керек  екендігін айтты. Оныншы сынып оқитын Алмас болашақта тарих немесе экономика саласының маманы болуды көздеп отыр. Алдағы уақытта қазақ айтысында шоқтығы биік жырлардың бірі "Қатаған мен Сүйінбай айтысын" жаттаймын  дейді. 
Ол: "Мен өлең оқып, батырларын жырын айтпай жүрсем үйге сыймай кетем",-дейді. 
 
Сұхбаттасқан Арайлым АБЫЛАЙ


Пікір: 0
Пікір қосу