ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы киімдер шығарыла бастады

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы киімдер шығарыла бастады

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы киімдер шығарыла бастады, - деп хабарлайды "Хабар24".
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы киімдер шығарыла бастады
Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тың өндірісті қолға алып, нарық сұранысын толық қанағаттандыруды көздеп отыр. Жоба жетекшілері жаңа киім үлгілерінің эластикалық тоқыма матадан тігілгенін және еркін қозғалуға қолайлы екенін айтады. Тіпті өздігінен киіну мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы қазақстандықтардың 640 мыңы мүмкіндігі шектеулі екенін ескерсек, жаңа өндіріс арқылы олардың әлеуметтік мәселелері реттеліп, қажеттіліктері өтелмек. Құрбанәли Әбуов, қала тұрғыны: - Біз азаннан кешке дейін жұмыс істеген соң, бірыңғай отырамыз. Тізеге арнайы бөлініп салынған шалбардың және бел жағында базардан, дүкеннен сатып алатын болсақ, бел жағы келмей жатады. Өлшеміміз 2 есе үлкен алып жатамыз. Сондықтан мынау қазіргі киіп отырған киім ыңғайлы. Бел жағы да, тізе жағы, ұзындығы да. Айта кетейік, мүмкіндігі шеутеулі жандарға арналған киім тігу елімізде бұрын-соңды қолға алынбаған игі іс. Енді оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болды. Яғни, арнайы киімдерге қолжетімділік артып, спорттық классикалық сынды бірнеше үлгілері тігіледі. Осы мақсатта ел өңірлерінде сауда орындары ашылып, қолайлы бағада сату жоспарланып отыр. Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары: - Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік жәрдемақы төлеп қана қоймай, арнайы құрал-жабдықтар және киімдермен қамту көзделіп отыр. Сол арқылы олар спорттық, мәдени шараларға белсене қатыстып, қоғаммен байланысын күшейте алады. Любовь Худова, ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының жетекшісі: - Адамдардың сырқатына қарай, жан-жақты бейімделген киім үлгілерін шығару керек. Қазақстандық дизайнерлер мен өндірушілерді осыған шақырамыз. Бүгін жауапты министрлікпен тиісті меморандум жасалды. Енді осы бағытта бірлесіп жұмыс істейміз.



Пікір: 0
Пікір қосу