ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » «С» дәруменінің рак клеткаларын өлтіретіндігі анықталды

«С» дәруменінің рак клеткаларын өлтіретіндігі анықталды

АҚШ-тағы Айова университетінің ғалымдары адам ағзасына тамыр арқылы енгізілген С дәрумені рак клеткаларын өлтіретінін анықтады. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.
С дәрумені, жеміс
Ғалымдар рак клеткаларында сутегі пероксидіне қажетті каталаза ферменті аз екенін анықтады. Олардың айтуынша, ол С дәрумені ағзаға тарағанда бөліне бастайды екен.
Зерттеу барысында каталаза жетіспеушілігінен рак клеткалары оны катализатор ретінде қолдана алмайтыны байқалған. Ал ағзаға С дәрумені енгізілгенде, пероксид молекулалары рак клеткаларын өлтіретіні анықталған. Бұл жағдайда көрші клеткаларға зақым келмейді. Ғалымдардың айтуынша, С дәруменінің таблеткаларын қолдану пайда бермейді. Себебі асқазан арқылы қан айналымына ол аз мөлшерде түседі екен.
Қазір америкалық клиникалардың бірінде ерікті адамдарға осы әдісті қолданылуда. Алдын ала нәтижелер бойынша, химиотепартия мен С дәруменін беру науқастардың жағдайын жақсартқан. Аталған көрсеткіш қанша уақытқа созылатыны туралы қорытынды енді шығады.



Пікір: 0
Пікір қосу