ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты, - деп жазады Сұрақ-жауап сайты.
Данияр Елеусінов
ВКонтакте желісіндегі  «Профи Бокс Казахстана» тобының жазуынша, Данияр Елеусінов кәсіби боксқа ресми түрде ауысып,  MJA Entertainment’s промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырған. Келісім-шарт талаптары әзірге белгісіз.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысатыны туралы ақпарат тараған еді. Екі боксшы да Алматыдағы AIBA бокс академиясында өтіп жатқан оқу-жаттығуға қатысып жатқан жоқ.

Пікір: 0
Пікір қосу