ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде  атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады. Бұл туралы "Хабар" жазды.
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталадыТек республиканың батыс аймақтарында жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын  болып, жел  күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде және таңертең  жел   15-20 м/с күшейеді.  Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.   Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Атырау, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.   Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде жел  15-20 м/с күшейеді.  Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.   Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні  22-27 м/с күшейеді.   Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс облысында кей уақытта 30 м/с күшейеді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 


Пікір: 0
Пікір қосу