ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, деп болжайды синоптиктер. Бұл туралы baq.kz жазды.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасынды жел күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облынының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман басып, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Пікір: 0
Пікір қосу