ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Наурыз мейрамында қанша күн демалыс берілетіні анықталды

Наурыз мейрамында қанша күн демалыс берілетіні анықталды

Қазақстандықтар Наурыз мейрамында бір аптаға жуық демалады, деп хабарлайды Baq.kz.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойған болатын.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды.

Осыған орай, қазақстандықтар 19, 20, 21, 22, 23-і наурызда демалып, арасына 1 күн, яғни 24-ші наурызда жұмыс істейді де, 25, 26 наурыз сенбі, жексенбіге түскендіктен тағы екі күн демалады.

Сонда бір жұмыс күнін есептемегенде, қазақстандықтарды бір аптаға жуық демалыс күтіп тұр. Наурыз айындағы барлық демалыс күндерін қоса санағанда, бас-аяғы 12 күн демалыс.

 

Пікір: 0
Пікір қосу