ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Күннен қуат алатын ұшақ сынақтан өтті

Күннен қуат алатын ұшақ сынақтан өтті

Швейцарияда күннен қуат алатын Elektra-2 ұшағы сынақтан өтті, деп хабарлайды Baq.kz "Мир24" телеарнасына сілтеме жасап.

Құрастырушылар ұшу аппараты стратосфераның 25 шақырымына көтеріле алатынын айтқан.

Сынақтан өткізілген ұшақ 7 минутта 300 метрге дейін көтерілген.

«Күн және электрлі ұшақтар ХХІ ғасырдағы ең үлкен жетістіктердің бірі. Біздің ұшақтар 25 шақырымға дейінгі биіктікті еңсере алады», - дейді ұшқыш Рафаэль Домиан.

Solar Stratos компаниясының Elektra-2 ұшағы күн батареясынан қуат алатын әлемдегі ең алғашқы әуе кемесі болмақ.

Ұшақтың құрастырушылары әуе көлігі 100 келіге дейінгі жүкті көтере алатынын айтады.

 

Пікір: 0
Пікір қосу