ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Димаш Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Димаш Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Францияда 70-Канн кинофестивалі басталды, - деп жазады massaget.kz.

 Бүгін талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген қызыл кілеммен жүріп өтті. Еліміз  мұнда тұңғыш рет  отандық киноиндустрия өнімдерін ұсынатын ұлттық павильонын ашты. Биылғы Канн фестивалі аты аңызға айналған Клаудия Кардиналеге арналады. Клаудия Кардинале – белгілі италиялық актриса. Ол "Фицкарральдо", "Сегіз жарым" сияқты көптеген кинокартинада ойнаған. "Қазақстан Ұлттық павильоны – Канн кинонарығында қазақстандық кинематографистердің жұмыс істеуіне арналған алаң. Оператор ретіндегі киноакадемияның міндеті, еліміздің киноиндустриясының қатысушыларына, оның ішінде: киноөндірушілерге, прокат жасаушыларға, рентал студияларға, киножелілерге павильонды пайдалануға мүмкіндік туғызу", - деді киноакадемия президенті Рашид Нұғманов. Естеріңізге сала кетейік, бұл кинофестивальге биыл алғаш рет қазақстандық режиссерлер де қатысады. Еліміздің атынан жас режиссер Диас Әзімжановтың "Ультио" атты қысқаметражды фильмі Short Film Corner секциясында жұртқа таныстырылмақ. Димаш кеше ғана Голливудтық жұлдыз Ева Лонгория ұйымдастырған қайырымдылық кешке қатысып, тамылжыған даусымен кеш қонақтарын тәнті етті. Астана қаласында 27 маусым күні EXPO-2017 көрмесі аясында жеке шығармашылық концерті өтеді. Билеттерді мына жерден ала аласыздар. 

Пікір: 0
Пікір қосу