ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жуалылық жеке кәсіпкерлерге 205 млн. 625мың теңге несие таратты

Жуалылық жеке кәсіпкерлерге 205 млн. 625мың теңге несие таратты

Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көпбосынов Бахтияр баяндады.

            Спикердің мәлімдеуінше, ауданда бүгінгі күнге 4 микрокредиттік ұйымдар  барлығы 516 адамға, жеке кәсіпкерлерге 205 млн. 625мың теңге несие таратты.

             Оның ішінде:

- «KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 418  адамға 162 млн. 055 мың теңге  теңге;

- «Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-мен 2 адамға 17 млн. 750 мың теңге;

- «Азия несие қоры» ЖШС-і  96 адамға 25 млн. 820 мың  теңге.

            Аудан бойынша 2017 жылдың 4 айында 587,9 млн. теңгенің бөлшек саудасы жасалып, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 99,3 пайызды құрады, көтерме сауда 123,9 млн теңгеге жасалып, нақты көлем индексі 113,5 пайызды құрады .

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар ағымдағы жылдың 4 айында болжам бойынша 1352,0 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101,0 пайызды құрады.

            «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын  несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында 2 кәсіпкер нәтижелі жұмыстар атқарып  аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды және 1 кәсіпкердің жобасы кәсіпкерлік басқармасының қолдауымен,  аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына жолданды.

                             Атап айтқанда:

  1. «Альфа» шаруа қожалығы ара шаруашылығына инфрақұрылым (су құбыры және электр желісін) жүргізу үшін 13,2 млн.теңгеге шешімін алып, тендер жеңімпазы анықталып, инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
  2. Б.Момышұлы ауылынан «Сахад» ЖШС-і (негізгі табыс көзі кондитерлік товарларды сауда нүктелеріне көтерме бағамен өткізу) қаржы айналымын толықтыру үшін, пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несие алу мақсатында екінші деңгейлі «Цесна банк» арқылы  45,0 млн. теңгеге шешімін алып, жұмысын жүргізуде.
  3. Б.Момышұлы ауылынан «Агро азық түлік нан мен жабдықтау» ЖШС-і өндіріс көлемін ұлғайту және қаржы айналымын толықтыру үшін, пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несие алу мақсатында екінші деңгейлі «Форте банк» арқылы 51 млн. теңгеге  қолдау көрсетілді,-деп сөзін түйіндеді Бахтияр Бейсембайұлы.
Пікір: 0
Пікір қосу