ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Биологтар құмырсқаның ең үлкен илеуін тапты

Биологтар құмырсқаның ең үлкен илеуін тапты

Мәскеулік биологтар тапқан құмырсқаның илеуінің биіктігі 1,7 метр шамасында болса, диаметрі 2,5 метр., - деп жазады 24 kz.

Орман құмырсқаларының үйі Мәскеу маңында орналасқан Клин қаласының жанынан табылды. Бұл илеу соңғы жылдары кездестіргендердің ішіндегі ең үлкені болып табылады, – дейді Мәскеу облысының экология министрі Александр Коган.

Орман құмырсқаларының пайдасы зор. Олар зиянды жәндіктерді жояды.

- Осындай орта көлемдегі құмырсқаның илеуі орманның шамамен төрттен бір гектарын зиянкестерден тазалайды, – деп пікір қосты Ведомство.

Жалпы Мәскеу маңында 41 құмырсқаның илеуі бар.

Дереккөз: 24 kz

 

Пікір: 0
Пікір қосу