ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Адам миының 90%-ы әлі зерттелмегені анықталды

Адам миының 90%-ы әлі зерттелмегені анықталды

Сұрақ көп, жауап жоқ. Жауап бар оның өзі нақты емес, - деп жазады massaget.kz.

Адам миының 90%-ы әлі зерттелмеген

Себебі Жер жаралғалы жұмбақ пен сұраққа толы. Сол жұмбақтардың жауабын шешу үшін мамандар дайындалып, ғалымдар өмірге келді. Бірақ әлі сол қалпында. Әрине өзгеріс, зерттеу бар. Бірақ мынаған қараңызшы, адам миының 90 пайызы зерттелмеген,  мұхиттың 95 пайызы зерттелмеген, ғарыштың 99,99 пайызы әлі зерттелмеген. Сонда біз не істеп жатырмыз? Осы секілді қызықты ақпараттар төменде сіз үшін, оқыңыз! Жер бетіндегі ең ұзын аспалы көпір Сочиде орналасқан. Бұл – Ресейдің жері. Ұзындығы – 439 метр. Адам орманға не ағашты алқапқа кірген кезде оның жүрек соғысы минутына жиырма қағысқа азайып, жүйке жүйесі тынышталып, бойында ерекше сезім пайда болады. Күнге қыздырыну дегеннің өзі сән екенін білесіз бе? Ал сол сәнді алғаш журналға шығарып, ол туралы жаңалық ашқан – Коко Шанель. Егер түлкі өзінің ұрғашысын жоғалтып алса, не таппаса өмірінің соңына дейін жалғыздықта өмір сүреді. Неткен адалдық. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, шоколад сіздің сандарға деген қызығушылығыңызды оятады. Минутына көп сөз оқудан әлемдік рекорд жасаған қыз 16 жаста. Есімі Ирина Иваченко. Ол минутына 163 333 сөзді толық мағынасын түсініп оқып шыққан. Мысықтар бір-біріне қарап «мияуламайды». Олардың өз тілдері бар. Ал мысықтың «мияулауы» адамдар үшін. Анар – спортпен айналысатын адамдар үшін таптырмас жеміс. Себебі ол жүрек қағысын тездетіп, денені қыздыруға деген құлшынысты екі есеге артық орындайды. Мұндай да қызық болады екен, Австрияда жұмысқа бармауға болатын бір жайт бар. Егер үйіңіздегі ыстық суды өшіріп тастаса, сіздің жұмысқа бармауыңызға заңды түрде толыққанды құқыңыз бар.


Пікір: 0
Пікір қосу