XXIII қысқы Олимпиадаға 25 күн қалды

0 3

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 25 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дүбірлі дода жақындаған сайын спортшыларымыз да тағатсыздана күтіп жүргені анық. Қазіргі таңда Қазақстан спортшылары спорттың 4 түрінен 33 лицензия алып үлгергенін осыған дейін де айтқан болатынбыз.  Оның 10-ы биатлоншыларға, 10-ы шорт-трекшілерге, 3-еуі мәнерлеп сырғанаушыларға және 10-ы конькимен жүгірушілерге тиесілі.

Ал өзге спорт түрлерінен отандастарымыз әлем кубоктарында бақ сынап жатыр. Осы қаңтар айының соңында Олимпиадаға нақтылы қанша спортшы баратыны белгілі болады. Қазақ спортшылары Пхёнчхан қаласында тоғыз спорт түрінен өнер көрсетуді жоспарлап отыр.  Олимпиадада жалпы спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Естеріңізге сала кетейік, төртжылдық дода ақпан айының 9-25 күндері аралығында өтеді. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстанның туын шорт-тректен әлем кубогының, Универсиада, Азия ойындарының жүлдегері, 2014 жылғы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Ажғалиев көтеріп шығады.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.