ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар эвакуацияланды

0 1

Шығыс Қазақстан облысында 22 наурыз күні 19 тұрғын үй мен 61 аула және 6 көшені су басты. Құтқарушылар бір тәулік ішінде 42 адамды эвакуациялады.

ШҚО ТЖД-ның хабарлауынша, Өскемен қаласында 14 тұрғын үйді (бес қабатты 1 үй мен 13 жер үйді), 28 үй ауласы мен 6 көшені су басты.

«Глубокое ауданында бес үйді, Шемонаиха ауданында 33 ауланы, сондай-ақ Шемонаиха қаласында 15 ауланы, Усть-Таловка ауылында 18 ауланы су басты», — делінген хабарламада.

Суды сорып алу үшін инертті материалды 6160 қап қолданылып, 3440 текше метр су сорылды.

«Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде екі жүзден астам адам мен 36 бірлік техника жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.