Президент өзіне жаңа көмекші тағайындады

0 1

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен бірнеше тағайындау болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпаратттық Агенттігі Baq.kz сайтын cілтеме жасап.

«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын».

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Қуандықұлы Шаймерденов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Күзембек Станбайұлы Әденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.