Қазақстанда туристік портал іске қосылады

0 1

Елімізде «Kazakhstan Travel» атты ұлттық портал іске қосылады. Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Апарат Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін хабар еткеніміздей үш айға созылған «Ұлы Дала еліне саяхат» атты экспедиция өз мәресіне жеткен болатын.

«Kazakh Tourism» басшылығы айтқандай экспедиция барысында жиналған материалдар мен ақпараттар сараланып соның негізінде елімізде жаңа туристік бағдарлар ашылады.

Одан бөлек еліміздегі туристік аймақтар бойынша фото жəне видео қорлар жинақталуда, және де экспедиция қорытындысы бойынша  «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға баруға қатысты арнайы бағдарлама жарыққа шығады.

Жоғарыда аталған жұмыстардың басын бір орталықтандыратын, сонымен қатар ішкі туризм мен сырттан келетін туристерді көптеп тарту мақсатында елімізде бірегей ұлттық портал іске қосылады.

«Экспедицияның тағы бір мақсаты — Қазақстанның әсем жерлері мен туристік орындарын көрсететін дерек қорын жасау. Біздегі туристік нысандарға қатысты видео мен фотолар қоры бар, бірақ олар жеткіліксіз және оны жаңарту керек, осы себепті экспедициядан жиналған материалдарды жүйелеп туристік орындардың базасын құрамыз. Сөйтіп, осы айдың ортасында Kazakhstan Travel атты ұлттық порталымызды іске қосамыз. Қазіргі таңда порталды реинновациядан өткізіп жатырмыз», — деді «Kazakh Tourism» АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Сонымен қатар, Kazakh Tourism басшысы 2023 жылы елімізде туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның қабылданатынын және оған дайындықтың басталып кеткенін де тілге тиек етті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.