ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Н. Назарбаев О. Сүлейменовпен Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына дайындықты талқылады

Н. Назарбаев О. Сүлейменовпен Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына дайындықты талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау  саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын халықаралық ауқымда әрі қарай ілгерілетудің маңыздылығын айтты.
О.Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.
Дереккөз: kazinform.kz
Пікір: 0
Пікір қосу