ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Астанада тоқал болуға дайын келіншектер арнайы клубтарда жиналып жатыр

Астанада тоқал болуға дайын келіншектер арнайы клубтарда жиналып жатыр

Астанада тоқал болуға дайын келіншектер арнайы клубтарда жиналып жатыр
Астанада тоқал болуға әзір келіншектер жиналатын клубтар баршылық. Бұл туралы клубқа бас сұққан куәгерлердің бірі жазған деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
"Соңғы бес жылда ірі кәсіпкерлер мен шенеуніктерге тоқал болғысы келетіндердің саны артқан... Тоқал болуға дәмелілер жұма және сенбі сайын кешкі уақытта клубтарда жиналады. Астанада олар жиі кездесетін «Хиты XX века», «Зурбаган» секілді клубатр бар. Нәзік жандыларды ер кісінің қолындағы неке жүзігі де тоқтата қоймайды. Мұны біліп алған ер азаматтар іссапармен Астанаға келген сайын сол жаққа ағылады", - дейді мақала авторы Әлихан Жеңісов.
Оның айтуынша "ерлерге аңшылыққа шыққан келіншектердің", тіпті өзіне қарату айласы да бар екен.
"Олар көзі түскен ер кісіге даяшы арқылы шарап жібереді. Немесе темекі шегетін бөлмеде қасына жақындап келеді. Досыммен жұмыс істеуге Астанаға келгенде қыздармен танысу үшін «Дискотека 80-х»клубына бас сұқтық. Кіргеніміз сол еді, даяшы бізге шампан әкеліп, оны келіншектер жібергенін айтты. Біз де тегін дүниені нәзік жандылардан алу ұят болғандықтан, оларға шарап пен шоколадқа тапсырыс бердік. Кейін әңгімеге тартып, өмірі туралы біліп алдық", - дейді Жеңісов.
Автор екінші әйел атанғандардың әңгімесін баяндады.
"Олеся Қазақстанға Украинадан келіп, бай шенеунікке тоқал болған. Сүйіктісі оған қымбат әшекейлерді үйіп-төккенімен, кейін қызығы басылып, тастап кеткен. Ал Сабина өзінің студент кезінде модель болғанын, түрлі сән көрсетілімдерінде оны бір бай мұнайшы байқап қалғанын еске алды. Екі жыл бойы Сабина оның тоқалы болған. Тіпті ер кісінің заңды әйелімен бірге бір үйде тұрған екен. Ал бәйбіше Сабинаға сабырмен қарап, күйеуінің одан жалыққанын күтіп жүре берген. Ақыры, расымен солай болып, мұнайшы Сабинаның қолына 1000 доллар ұстатып, үйінен кетуін талап еткен", - дейді автор.
Жеңісов "тоқалдың" кебін киіп, кейін ұмыт қалған аруларға жаны ашымайтынын жасырмады.
"Менің жалғыз, ұмыт қалған тоқалдарға жаным ашымайды. Олар ана болуды, отбасын армандаған емес, тек жылтыраған алтынға қызығады. Оларды сөкпеймін де. Тек тоқал болғаннан өмірі бақытты болмайтынын ескерткім келеді", - деп ойын түйді автор.
Әлихан Жеңісовтің материалынан аударылды.



Пікір: 1
Пікір қосу
каракоз
Казак кыздарын карык кылып! бска ул кыздарына шыгыпты гой! Абай болындар Елимизге тыншылык жасап жургендер болып шыкпасына ким кепил! тем более Астанага ! б